$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген мұздықтардың үштен бірі жоғалуға жақын

Олар 2050 жылға қарай еріп кетеді деген қауіп бар

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген мұздықтардың үштен бірі жоғалуға жақын
Фото: ашық дереккөзден

ЮНЕСКО кезекті баяндамасында өзінің Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген мұздықтардың үштен бірі 2050 жылға қарай еріп кететінін мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Баяндаманың авторлары мәлімдегендей, Килиманджаро жанартауындағы мұздық, Альпідегі, Пиренейлердегі және АҚШ-тағы Йосемити ұлттық саябағындағы мұздықтар климат өзгерісіне қарсы қолданылып жатқан түрлі шараға қарамастан, жойылып кетудің алдында тұр.

Ал Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген мұздықтардың қалғаны жаһандық жылыну процесі 1,5 градустан аспаса, сақталып қалуы мүмкін.

Айта кетейік, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 18 600 мұздық, яғни, әлемдегі әрбір оныншы мұздық енген. Олардың жалпы аумағы 66 мың шаршы шақырымға жетеді.

Серіктес жаңалықтары