$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлихан Смайылов: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға еңбек жағдайын жасау қажет екенін айтқан болатынмын

Апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Әлихан Смайылов: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға еңбек жағдайын жасау қажет екенін айтқан болатынмын
Фото ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«13 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Ленин атындағы» шахтасында апат орын алды. Соңғы мәліметтерге сәйкес бес кенші қайтыс болды.

Осыған байланысты менің өкіміммен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді.

Биыл жазда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын», - дейді Премьер-Министр.

Ол өз сөзінде комисся мүшелеріне қандай міндеттер жүктелгенін айтып өтті.

«Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары