Сондай-ақ зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарланды
Қарағанды облысының әкімдігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі Ленин атындағы шахтада қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әкімдік ұсынған құжатта газ атылған соң бес адамның шахтадан шыға алмай қалғаны жазылған. Олар:
Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, ата-анасы қалды – АШМДБ учаскесі бастығының көмекшісі міндетін атқарушы (негізгі қызметі – бұрғылау қондырғысының машинисі);
Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, анасы қалды – бұрғылау қондырғысының машинисі;
Ынтықбеков Марғұлан Серікұлы, 1998 жылы туған, әкесі қалды - «USM» ЖШС бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі;
Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, ата-анасы мен екі баласы қалды - бұрғылау қондырғысының машинисі;
Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, әкесі, әйелі, қызы, қамқорлығындағы тағы бір адам қалды - бұрғылау қондырғысының машинисі.
Сондай-ақ шахтадағы метанның бөлінуінен зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарланды. Төрт жұмысшы Шахтинск қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуіне сүйек сынығы диагнозы қойылса, тағы екеуі басынан жарақат алған.