$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жасыл аула»: Алматы тұрғындары акция аясында 1700 көшет алды

Барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті

«Жасыл аула»: Алматы тұрғындары акция аясында 1700 көшет алды

Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Жасыл аула» дәстүрлі акциясын қорытындылады. Алматылықтардан барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті, оның ішінде 1700 көшет алуға 133 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бостандық, Наурызбай және Алатау ауданының тұрғындары аса белсенділік танытты. Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары өтініштер бойынша көшеттерді тарату жұмысына кірісіп кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қала тұрғындарына көшет тарату бойынша «Жасыл аула» акциясының басталғаны туралы хабарланған болатын. Қалада көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті алматылықтарға шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін алуға мүмкіндік берілді.

Ағаш отырғызу жұмыстары 2022 жылдың 27 қазаннан бастап жүргізіледі. Көшеттерді тарату 3 қарашаға дейін келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Алатау ауданы, Ұлжан-2 шағын ауданы, Бертайызы к-сі, 24.

Көшеттерді отырғызғаннан соң олардың фотоесептерін жіберу қажет.

Серіктес жаңалықтары