Баянауылда судың үстіне асфальт төсеген

Автор: Azattyq Rýhy

Ал аудан әкімдігі мұны жоққа шығарды

Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысы Баянауылда судың үстіне асфальт төсеген. Оны жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Қарлы жаңбырдан кейін құрғамаған жерге жол жөндеушілер асфальт салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрғындар бұл жолдың сапалы боларына күмәнмен қарайды. Сол себепті асфальтты бұзып, қайтадан салуды талап етуде. Баянауыл ауданының әкімдігі мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, сол күні күн райы ашық болған. Жер су болған жоқ - деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Ал көлік тұрағына арналған жолға асфальт төсеуге 13 млн. теңге қаражат бөлініпті.

 «Әлі қабылдап алынған жоқ көлік тұрағы. Сапасы жағынан жол сапасы орталығына лабораториялық анализін жіберткіземіз. Содан асфальттың сапасын, төселген қиыршық тастарды сараптамадан өткіземіз, әрине. Оның бәрін тексертеміз. Жанында көрсетіліп тұрған су көлік тұрағына жатпайды ол», - дейді Баянауыл ауылының әкімі Бүркітбай Бижанов.