«Өскемен-Риддер» тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды

Azattyq Rýhy

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған

«Өскемен-Риддер» тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Риддер» тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 14:00 шамасында Глубокое ауданы Опытное поле кентінің маңында болған.

«Өскемен-Риддер» тасжолының 3-ші шақырымында «Nissan Note» және «Toyota Land Cruiser» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.