$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тұман, көктайғақ, бұрқасын»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі

«Тұман, көктайғақ, бұрқасын»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 3-5 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша жауын-шашын және желдің күшеюі болуы мүмкін.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны анықтайтын болады, онымен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

«Күндіз 4, түнде 5 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, күндіз 4, тәулік бойы 5 қарашада оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады, 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары