Ақмола тұрғыны өз атына несие рәсімдеп, полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған
Тергеу барысында ауыл тұрғыны бұл әрекетін мойындады

Ақмола тұрғыны өз атына несие рәсімдеп, полицейлерге алаяқтық туралы хабарлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйекте Астрахан ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, 7 ақпанда микроқаржы ұйымы арқылы белгісіз тұлғалар оның атына 152 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Астрахан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің өзі осы микрокредиттік ұйымда өз атына онлайн-несие рәсімдегенін, оған қатысты алаяқтық әрекеттер ешкіммен жасалмағанын және қандай да бір мүліктік зиян келтірілмегенін анықтады. Тергеу барысында ауыл тұрғыны бұл әрекетін мойындады.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК 419-бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.