$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында мұнай аралас сұйықтық жерге төгіліп, 3 мың шаршы метрден астам жер ластанды

Экология департаментінің қызметкерлері болған жайтты апат деп атап отыр

Ақтөбе облысында мұнай аралас сұйықтық жерге төгіліп, 3 мың шаршы метрден астам жер ластанды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында мұнай аралас сұйықтық ұңғымадан шығып, жерге төгілген. Бұл жағдай Темір ауданындағы Кеңқияқ мұнай-газ өңдеу бөлімінің 2-цехында болған. Соның салдарынан 3168 шаршы метр жер ластанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір эколог мамандар бүлінген аумақтан сынама алып, тексеруді бастады. Экология департаментінің қызметкерлері болған жайтты апат деп атап отыр. Кейбір ақпаратқа сәйкес, мұнай араласқан су дәнекерлеу жұмысы жүрген жерден шыққан. Нақты себебі алдағы уақытта анықталады.

 «№2 цехта 797-ұңғымада апат орын алғаны белгілі болды. Бұл СНПС "Ақтөбемұнайгаз" АҚ Кеңқияқ мұнай-газ өңдеу бөлімінің қарамағына қарайды. Апатты жоюмен "Ақберен" ЖШС арнайы мамандандырылған ұжым айналысып жатқаны белгілі болды. Енді осы жағдай бойынша СНПС АҚ-на департамент тарапынан жоспардан тыс экологиялық тексеріс тағайындалуда», - деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Сағидоллаұлы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе #Мұнай