Сот Үкіметтің бұл шешімге қарсылығын дискриминация деп атады
Үндістанның Жоғарғы соты әйел офицерлерді басқарушы қызметтерге тағайындауға рұқсат беру туралы шешім шығарды. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.
«Елімізде әскери қызмет мәселелерін қарайтын тұрақты комиссия жұмыс істейді. Ол жерге әскери қызметтегі мерзіміне қарамастан, кез келген әйел жүгіне алады. Судьялар әйелдерге әскери мансабын ер адамдармен тең дәрежеде жүргізуге рұқсат беру керек деп шешті», - делінген хабарламада.
Сот Үкіметтің бұл шешімге деген қарсылығын дискриминация және ескі стереотиптерге негіз болатын пікір деп есептейді. Сондай-ақ сот әйелдердің әскердегі құқықғын шектеуге негіз болған физиологиялық шектеулер мен «әлеуметтік нормалар» туралы уәжін қабылдамаған.
«Әйелдердің физиологиялық ерекшелігінің олардың құқығына еш қатысы жоқ. Біздің менталитетіміз өзгеруі тиіс», - деді судьялар.