$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2020, 14:26
Жаңалықтар

Тоқаев елорда әкіміне кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды

Президент Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмысына оң баға берді

Тоқаев елорда әкіміне кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды
Фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдап, кездесуде Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Қазақстан Президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспарлары, қазақ драма театрының  құрылысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді.

Жалпы, Президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды.

Серіктес жаңалықтары