$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрлан Әуесбаев Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Елді мекен елордадан небәрі 20 шақырым жерде орналасқан

Нұрлан Әуесбаев Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елді мекен елордадан небәрі 20 шақырым жерде орналасқанымен, шешімін таппай жүрген мәселелер көп. Қала тұрғындарының саны 65 мыңға жетсе де, жол сапасының жағдайы, жылу және электрлендіру мәселелері көңіл көншітпейді.

Қосшы халқының саны соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, облыстық әкімдік пен жергілікті атқарушы органдар мұны ескеріп, қосымша қуат көздерін алдын ала әзірлеуі тиіс еді. Бұл шенеуніктердің халыққа жаны ашымайтынының тағы бір дәлелі.

Үміткер өз сөзінде мұны мемлекетті басқарудың парламенттік-президенттік нысанына көшу жағдайында ғана түзетуге болатындығын атап өтті. Бұл оның сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі ғана.

Серіктес жаңалықтары