$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Сеулдегі қайғылы оқиғаны күйзеліспен қабылдағанын айтты

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары