Осы уақытта елде 832 адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр
Өткен тәулікте елімізде 50 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің 30 қазандағы мәліметі бойынша, осы уақытта елде 832 адам коронавирус инфекциясынан (–684+ және 148 КВИ-) ем алып жатыр.
Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 755 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.