30.10.2022, 13:12
Жаңалықтар
Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде қазақстандық студент қаза тапты
Ол Корея Республикасының Жоғары оқу орындарының бірінде оқиды екен
Фото ашық дереккөзден
Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде қазақстандық студент қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе облысының тумасы болған. Ол Корея Республикасының Жоғары оқу орындарының бірінде оқиды екен.
Қазақстан СІМ дипломаттар қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста екенін, құжаттарды ресімдеуде және мәйітті Қазақстанға одан әрі жөнелтуде барлық қажетті көмек көрсететінін мәлім етті.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
Бүгін, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)