$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлік жуу орнының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, зират қоршауларын бұзған

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Көлік жуу орнының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, зират қоршауларын бұзған
polisia.kz

Алматыда көлік жуу орнының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, зираттағы қоршауларды бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Өзбекстанның 28 жастағы азаматы мас күйінде көлік жуу орнынан Lexus LX 570 автокөлігін ұрлап кеткен, содан кейін ол шаһарды аралауға бел буған.

«Қаланы білмей, ол зиратқа кіріп кетіп, рөлді басқа алмай, бейіт қоршауларын бұзды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, бейіттердің өзі де бүлінбеген. Мұны зират күзетшісі байқап, оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Бірінші болып учаскелік инспекторлар келді. Олар қашып кетпек болған қоғамдық тәртіпті бұзушыны дер кезінде ұстады. Ер адам алкогольдік масаң күйде болған, бұл мән-жайдың жауапкершілігін ауырлатады. Белгілі болғандай, көлік иесі жол талғамайтын көлігін бамперді бояу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына қалдырған, сырлаушылар көлікті жууды ұйғарып, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап барған. Сол жерден көлік жуушы – К.есімді азамат көліктің кілтін иемденді», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік іс материалдары жиналды.

Серіктес жаңалықтары