$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі артпақ

Алматыда Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты (SMIIC) метрологиялық кеңесінің отырысы өтуде

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі артпақ

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемін 5-тен 10 млрд долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты (SMIIC) метрологиялық кеңесінің 11-ші отырысында «Tubitak Ume» Түркия метрология институтының бас директоры Mustafa Cetintas мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СИМ ҚазСтандарт баспасөз қызметі.

«Осы мақсатта біз бүгін ҚазСтандартпен уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойдық, онда негізгі міндет жалпы өлшеу эталондарын белгілеу және стандартты үлгілердің неғұрлым талап етілетін түрлерінің бірлескен өндірісін құру болып табылады. Бұл екі елдің өндірушілеріне өз өнімдерін экспорттауға көмектеседі», - деді «Tubitak Ume» Түркия метрология институтының бас директоры Mustafa Cetintas.

 Отырысқа 35 елден делегаттар қатысып, метрология, техникалық реттеу және халал индустриясы мәселелерін талқылау үстінде. Сондай-ақ Орталық Азия өңірі үшін халал аудиторлар тренингі өткізіліп жатыр.

«Қазақстанның SMIIC-ке қатысуы және осы кездесуге төрағалық етуі Азия мен Еуропаны біріктіретін, әлемдік аренада өзара тиімді ынтымақтастық алгоритмдерін құратын еуразиялық хаб ретінде еліміздің өсіп келе жатқан маңыздылығын атап көрсетеді. Халал индустриясы әлемдік экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан трендтердің бірі болып табылады. ИЫҰ елдерінің 2022 жылға арналған тауар айналымының көлемі 14 млрд АҚШ долларынан астам құрайды. Халал өнімдерінің әлеуеті азық-түлік саласынан басқа ауыл шаруашылығы, фармацевтика, косметика, тоқыма және аяқ киім өнеркәсібін де қамтиды», - деді ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Серіктес жаңалықтары