$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 60 келідей ойыншық сатылымнан алынды

Зертханалық зерттеулер негізінде үш ойыншық сертификатының қолданылуы тоқтатылды

Қазақстанда 60 келідей ойыншық сатылымнан алынды
фото: www.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2 мыңнан астам ойыншықтың балалар үшін қаншалықты қауіпсіз екенін тексерді. Тексеріс нәтижесінде 56,2 кг ойыншық сатылымнан алынып тасталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде және Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.

«2022 жылдың 9 айында өнім қауіпсіздігінің мониторингі барысында республика бойынша 2244 ойыншық үлгісі іріктеліп, зерттелді. Оның 1054-і техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді, бұл 47,0% құрады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұзушылықтардың түрлері бойынша негізгі бөлігі таңбалау талаптарының бұзылуына – 98,1% тиесілі. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша – 3,1%, ал Қытай Халық Республикасы шығарған ойыншықтарда санитариялық-химиялық және токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша – 2,0% асып кетуі анықталған.

Бұл фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті ұйғарымдар берілді.

Өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелерін талдау көрсеткендей, таңдалған ойыншықтардың 40,1%-ы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растаусыз сатылады, оның 7,0%-ы – Ресей Федерациясында, 11,1%-ы – Өзбекстанда және 81,9%-ы – Қытай Халық Республикасы мен басқа да елдерде шығарылған.

Серіктес жаңалықтары