29.10.2022, 04:16
Жаңалықтар
Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды
фото: gidfon.com
«Қазгидромет» РМК еліміздің алты облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы тау асуларында 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
