Солтүстік Корея Жапония теңізіне тағы да зымыран ұшырды

Аягөз Құрмаш

Қыркүйектің соңынан бері Пхеньян он шақты баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Жапония теңізіне тағы да зымыран ұшырды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея әскерилері жергілікті уақыт бойынша түске таман КХДР-дың шығыс жағалауынан ұшуларды тіркеді. Қыркүйектің соңынан бері Пхеньян он шақты баллистикалық зымыран ұшырған.

Солтүстік Кореяның алғашқы сынағы 14 қазанда күні Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен «Хогук» әскери жаттығуының соңғы күні өтті. Екі елдің әуе күштері де келесі аптада ауқымды маневрлер өткізуді жоспарлап отыр.

Солтүстік Корея бұл тұрақты Сеул-Вашингтон жаттығуларын Солтүстік Кореяға шабуыл жасау жаттығуы ретінде қарастырады, дегенмен одақтастар олардың қорғаныс сипатында екенін айтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.