$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада 600 жүргізуші айыппұл арқалады

Олар белгіленбеген орындарға қоқыс төккен

Елордада 600 жүргізуші айыппұл арқалады
Фото: ашық дереккөзден

9 айда елордада абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3 451 бұзушы жауапқа тартылды, 35 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының полиция департаменті хабарлағандай, белгіленбеген орындарда қоқыс түсіргені үшін 542 жүргізуші және лас қалдықтарды төккені үшін 74 жүргізуші ұсталды.

Полицейлер құрылыс нысандарының басшыларымен қалада абаттандыру ережелерін сақтау туралы үнемі түсіндірме әңгімелер өткізеді. Алайда құрылыс компаниялары қоқыстың жолға шығарылуына жол береді, нысандардың аумағын тиісті жағдайда ұстамайды және құрылыс қоқыстарын "Эко полигонға" шығармайды. Жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 261 компанияға жалпы сомасы 2 млн 281 мың теңге айыппұл салынды.    

Құрылыс ұйымдарына қатысты қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың сақталуына, сондай-ақ 25 құрылыс ұйымы бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормалардың сақталуына тексеру жүргізу үшін Астана қаласы бойынша Экология департаментіне ақпарат жіберілді.

Серіктес жаңалықтары