ҰҚК Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады
Олар кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардан ақша мен мүліктерін тартып алумен айналысқан
Арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 2022 жылғы 18 қазанда Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктер тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыстарды жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесін ұстады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда»,- делінген хабарламада.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді.