Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады
Қазақстанда 1 тәулікте 17 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
25 қазандағы мәлімет бойынша, коронавирустан 910 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирус инфекциясынан 749 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 161 (КВИ-) адам ем қабылдауда.
97 пациент стационарда, ал 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.