Атырауда жол апатынан бес адам зардап шекті
Атырау қаласының полиция басқармасы жол апатына байланысты тергеу амалдарын бастады

Атырауда жол апатынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
«24 қазан сағат 17:15 шамасында 1999ж.т., Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Жұлдыз-3 мөлтек ауданына қарай солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта Атырау қаласына қарай бағыт алып келе жатқан 2002ж.т., жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum автокөлігіне апаттық жағдай туғызған. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі жолдан шығып аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Toyota Ipsum автокөлігінің 5 жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды Атырау қаласының полиция басқармасы.