$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан жаңа теміржол жобасына 800 млрд теңге жұмсағалы отыр

Елімізде транзиттік әлеуетті дамыту үшін үш теміржол учаскесін салу жоспарланып отыр

Қазақстан жаңа теміржол жобасына 800 млрд теңге жұмсағалы отыр
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда теміржол жобаларына 800 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп жазды LS.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамыту үшін үш теміржол учаскесін салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2022-2025 жылдары Достық - Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолдары салынады. Оның құны 543 млрд теңгені құрайды.

2023-2024 жылдары Алматыны айналып өтетін темір жолға 94 млрд теңге қажет. Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желісінің құны 162 млрд теңгеге бағаланады. Құрылыс 2024-2025 жылдары жоспарланған.

ИИДМ жаңа жолдар есебінен жеткізу мерзімі жеделдетілетінін, өткізу қабілеті артатынын атап өтті.

Сондай-ақ, транзитті дамыту аясында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін қазір 6 млн тоннадан 2025 жылға қарай 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осыған байланысты Ақтауда 10,4 млрд теңгеге контейнерлік хаб салынатын болады. Жобаға MAERSK, COSCO, PSA International сияқты әлемдік логистикалық компаниялар тартылады деп жоспарлануда.

Әзербайжандық тасымалға тәуелді болуды тоқтату үшін паром флоты (10 бірлік) салынады. Бір паромның болжамды құны құрылымына байланысты 37 миллион доллардан 40 миллион долларға дейін жетеді.

«ТМККК әлеуетін арттыру үшін Әзербайжан, Грузия және Түркия тарапынан инфрақұрылымдық шектеулерді жою жөнінде шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Серіктес жаңалықтары