ҰБТ-ға дайындайтын арнайы мектепте 300-ден астам бала білім алып жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Оқу орны былтыр ашылған

Былтыр Ақтөбе қаласында ашылған 125 High school білім ошағында бүгінде 335 оқушы білім алып жүр. Мектептің ерекшелігі сол тек 10-11 сыныптарды қабылдап, ҰБТ-ға дайындайды.

Мектеп директоры Ербол Телемісовтің айтуынша 185 оқушының 92-сі мемлекеттік грант­қа қол жеткізсе, 6 оқушы еліміздің ірі ЖОО-ларының арнайы грантына ие болған. Бұдан бөлек, 27 түлек Түркия, Ресей, Италия, Польша, Испания, Бе­ларусь, АҚШ елдерінің жоғарғы оқу орын­дарына бакалавриатқа оқу­ға түскен. Айта кету керек, былтырғы Ақтөбе облысы бо­йынша ҰБТ-дан ең жоғарғы ұпай жинаған Бағдат Нарқыз – осы мектептің түлегі. Нарқыз бүгінде М.Оспанов атын­да­ғы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінде стоматология бөлімінде 1 курста оқиды.

«Осы оқу жылында 10-11 сыныптарда 335 оқушы оқиды, оларға 20 пән мұғалімі сабақ береді, 12 ментор жұмыс іс­тейді. Қазақ мектебі болсақ та, шетелдік ЖОО-ларға дайындайтын SAT сыныбын аштық. Бұл сынып Н.Назарбаев университетіне және ше­телдік университеттерге оқуға түскісі келетін оқушылар үшін ашылған. Мектебімізге 9-сыныпты бітірген оқушылар қабылданады. Оқу ақысы онша қымбат емес, орташа курстың бағасымен пара-пар. Жалпы білім беретін мектептерден көп айыр­ма­­шылығы да жоқ. Бізде ҰБТ-ның негізгі бес пәні, физика-математика, химия-биология, дү­ние­жүзі тарихы, ағылшын ба­­ғытында тереңдетіліп оқы­ты­лады. Менторлар баланы таңертең күтіп алып, күн ұза­ғына сабаққа қатысуын қада­ға­лайды, оқушының үй жұмы­сын тексереді, ата-анамен байланыс жасап, әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Бізде баланың басқа сабақтармен басы қатпайды. Түске дейін негізгі сабақтарды оқыса, түстен кейін қосымша сабақтар басталады, үй тапсыр­ма­сына дайындалады. Әр апта­ның соңында пәндер бойынша апталық тест алынады, ай сайын оқушы ҰБТ-ның 140 сұра­ғы­нан байқау сынағын тапсырады», - дейді 125 High school мек­тебінің директоры Ербол Телемісов.

Білім инвестицияға айналып келе жатқан қазіргі жағдайда баланың бастауыштан бастап білімі дұрыс қаланбаса, жоғары сыныпқа ауысқанда алдынан кедергі болып шығады.

Еліміздің жоғарғы оқу орындарына грантқа түсуге кепілдік беретін 125 High school мектеп желісі тұңғыш рет 2019 жылы Тараз қаласында ашылды. Осы мектептің негізін қалаған Әлібек Есенов тиімді білім әдістемесін жетілдірді. Басқа қалаларда да осы мектеп желілері көптеп ашыла бастады. Баланың бі­лім­ді болуы ұстаздан десек те, оқу­шы­лардың сабақ үлгерімін бір деңгейде ұстап тұру оңай емес. Баланың сабаққа деген ынтасын оята білу де өте маңызды. 

«Мектебіміздің бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, пән мұғалімдері тек сабақ оқы­та­ды және қосымша сабақ­та­рын өткізеді. Екіншіден, бізде екі мектеп психологы мен арнайы кәсіби бағдар беруші маман бар. Психолог өз бағытында жұ­мыс атқарады. Кәсіби бағдар беруші әр оқушының қандай мамандыққа оқуға түсуге бола­ты­­нын, Қазақстанда қандай ма­­­ман­дыққа сұраныс бар екен­дігін көрсетіп, баламен кешенді түрде жұмыс жүргізеді. Олар ба­ланың қабілетін, қай салаға бейімділігін анықтап, бағдар береді. Үшіншіден, бізде ментор қызметі бар. Менторлар оқу­шының үй тапсырмасын қа­да­ғалап, ата-анасымен байланыс орнатады», - білім ордасының басшысы.

Осы мектепте тақырыпты меңгеру үшін сабақтардың әр түрлі ортада өткізу тәжірибесі енгізілген. Мәселен, бірнеше күннен бері биология, тарих, математика, ағылшын тілі пәндері орталық саябақта және мектеп ауласында әртүрлі формат­та өтіп жатыр. Табиғат аясында өткен сабақты бала тез ұғынады. Әр баланың қабылдауы әр түр­лі, мінез ерекшелігі тағы бар. Сондықтан сабақ кезіндегі сер­гіту шаралары оқушының тақы­рып­ты жақсы меңгеруі үшін қажет. Жеткіншектің өзіне деген се­німділігі жоғары болса, өмір жолында кездесетін қиын­шы­лықтарды жеңе біледі. Түпкі нәтиже – өзіндік пікірі бар, ойын ашық айта алатын, тұлғалық жа­ғы­нан қалыптасқан жақсы аза­­мат тәрбиелеу. Еліміздегі орта білім саласында өз орнын ай­қындап үлгерген 125 High school мектебінің басты бағыты да осы.

Тегтер: