$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Кипр іздеудегі қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды

Бұл шарт сот үкімдерін орындау үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді

Қазақстан мен Кипр іздеудегі қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды
gov.kz

Никосия қаласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында қылмыскерлерді ұстап беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарттарға Бас прокурор Берік Асылов пен Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Драку қол қойды.

«Ұстап беру туралы шарт тараптарға бір мемлекетте қылмыс жасаған және екінші мемлекетте жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және сот үкімдерін орындау үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт екі елдің құқық қорғау және арнайы органдарына күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсінің дәлелдемелерін алуға, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті тәркілеуге, оларға тыйым салуға мүмкіндік береді. Шарт Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына көмегін тигізеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары