$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Volkswagen Ресейдегі зауытын сатуы мүмкін

Алайда бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданған жоқ

Volkswagen Ресейдегі зауытын сатуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Volkswagen автоконцерні Ресейде өндірісті қайта бастау мүмкін болмаған жағдайда «Volkswagen Group Rus» еншілес компаниясын сатуды қарастыруда. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Біз жағдайды үнемі қадағалап отырамыз және Ресейде одан әрі бизнесті жүргізудің әртүрлі сценарийлерін қарастырамыз. Опциялардың бірі  - «Volkswagen Group Rus» активтерін үшінші тұлғаға сату. Алайда бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданған жоқ», - деді автоконцерннің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Германияның Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымы компаниядағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы жылдың наурыз айында Калугада автомобиль өндірісін тоқтатқаннан кейін Volkswagen автоконцерні Ресейде жұмысын қайта бастауға сенуді тоқтатқанын және осы активке сатып алушыларды іздейтінін хабарлаған болатын.

Компания «Volkswagen Group Rus»  Ресейдегі өндірісті 2022 жылдың 3 наурызында тоқтатқанын, бірақ ресейлік кәсіпорынның қызметкерлері Ресей Федерациясының еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.

Өндірісті тоқтатқанға дейін кәсіпорында volkswagеn Polo және Skoda Rapid лифтбектері, сондай-ақ Volkswagen Tiguan кроссовері шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ресей #Volkswagen