Мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске аз қаражат бөледі – Әйтенова
Бөлінген қаражат статистиканы жақсартуға жетпей отыр
Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Зерттеуде тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы статистика мен қаражат, алдын алу мәселелері қамтылған.
«Біздің сараптамамыз бойынша, мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске 4,5 млрд теңге жұмсайды. Ал тұрмыстық зомбылықтың алдын алуға кететін мақсатты қаржы 1,5 млрд теңгені құрайды. Яғни, мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа аз қаражат бөліп отыр. Сол себепті де статистика жақсармай отыр. Соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары) тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыс саны 2,5 есеге өскен. Сондай-ақ тұрмыстық арыздар да азаяр емес», - деді Zerttteu Research Institute директоры Шолпан Әйтенова.