Оралда тәртіп сақшылары суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға бүгін таңертең болған
20 қазан күні таңертең 102 арнасына Орал қаласында 4-ші шағын аудандағы көпір қоршауында тұрған әйел туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның хабарлауынша оқиға орнына сол маңдағы 517-экипаж қызметкерлері Орал қ. ПБ ППБ инспекторы полиция аға лейтенанты Тынымгерей Амангелдиев пен Нұрсұлтан Жанабаев келіп, көпірден құлауға тырысқан әйелді көреді.
Тәртіп сақшылары әйелге абайлап жақындап, қауіпсіз жерге шығарып, оны өлімнен арашалап қалды. Содан кейін мән-жайды анықтау үшін Орал қаласы ПБ-ға жеткізілді.
Белгілі болғандай, 41 жастағы қала тұрғыны күйеуімен бірге кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен жанжалдасып қалған соң суицид жасамақ болған. Әйел мен туыстары полицейлерге құтқарып қалғаны үшін алғыс айтты.