Ресейде тікұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тікұшақ қарлы боранда қалып қойған

Фото: ria.ru

Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округінде Ми-8 тікұшағы құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні болған. Сабетта портынан 500 метр жерде «Скол» әуекомпаниясының Ми-8 тікұшағы қарлы боранда қалып қойған.

Алдымен тікұшақтың қалағы сынған. Одан кейін әуе кемесі төңкеріліп қалған. Бортта 10 адам болған, оның екеуі қаза тапты. 

Тікұшақ Краснояр өлкесінен Сабеттаға ұшып шыққан. Рейс мақсаты - вахталық тасымалдау. Апат себептері анықталып жатыр.