$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев қазақ-қытай шекарасындағы мәселелер бойынша тапсырма берді

Президент Жетісу облысында жүк сақтайтын орындар ашу керек екенін айтты

Тоқаев қазақ-қытай шекарасындағы мәселелер бойынша тапсырма берді
Фото: ТАСС

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдің транзиттік әлеуетін ескеріп, жүк түсіру мен қайта тиеуге арналған орындар және оны сақтайтын қоймалар салу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл өңірдің транзиттік әлеуеті өте зор. Сондықтан, мұнда халықаралық көлік-логистика компанияларын тарту аса маңызды. Сол үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Оған құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді. Бұл жерде 2026 жылдың соңына дейін 22 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның жалпы құны – 450 миллиард теңге шамасында. Дегенмен, жүкті түсіріп, қайта тиеуге арналған орындар және оны сақтайтын қоймалар салу қажет. Осы бағытта жаңа, заманауи жобаларды қолға алған жөн», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысына электронды кезек енгізуді жеделдетуді тапсырды.

«Тағы бір өзекті мәселе – карантиндік шектеулерге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмысының күрт бәсеңдеуі. Жүргізушілердің әділ наразылығын тудыратын жүк көліктері кезегі жиналып қалған. Жағдайды түзету үшін «Алакөл» және «Нұр жолы» шекара бекеттерінде электронды кезекті енгізуді жеделдету қажет.

Өңірдің және жалпы елдің экономикалық әлеуетін елеулі түрде арттыратын тағы бір қадам Қытай стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру болуы мүмкін. Оның жұмысы Қытайға экспортымызды арттырады. Қазірдің өзінде Қорғаста мұндай зертхана ашу жоспары бар. Бұл жобаны жедел жүзеге асыру үшін Қытайдан келген әріптестермен диалогты жандандыру қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары