Үміткерге арнайы куәлік табысталды
Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді ресми тіркеп, куәлік тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбден Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК отырысында Нұрлан Әбдіров.
ОСК төрағасының айтуынша, құжат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес заңда белгіленген мерзімде қабылданды.