15-17 ақпан аралығында күн құбылмалы болып, тұрақсыз ауа райы сақталады
15-17 ақпан аралығында еліміздің оңтүстік бөлігінде күн құбылмалы болып, жауын-шашын және тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын жауады. Республиканың тек шығысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болалы, жел күшейеді.
Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болмақ. Ал республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудырады.
Жексенбіде ауа температурасы біршама төмендеп, ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақындайды.