$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті
Фото ашық дереккөзден

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, оқиға бүгін тал түсте Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан «Ulytau mall» сауда үйінің алдында орын алған. Оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.

«Жарақат алған 1998 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Атылған оқтан оң жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр», - деп мәлім етті Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарына кірісті.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары