Елімізде соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессор мектепке мұғалім болып кеткен
Себебі мектепте жалақы жақсы
Елімізде соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессор мектепке мұғалім болып кеткен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр келесі жылы шәкіртақы өсетінін айта келе, мектепте жалақы жақсы болғандықтан, профессорлардың көбі мектепке кетіп жатқанына да тоқталды.
«2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», - деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Ведомство басшысы министрліктің мақсаты оқытушылардың, профессорлардың, Ph-докторанттардың және студенттердің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру екеніне де тоқтала кетті.