$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды – ІІМ

Сондай-ақ 16 мың адам әкімшілік қамауға алынған

Биыл 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды – ІІМ
Фото: ашық дереккөзден

Жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру аясында биыл 4,5 млн астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Жол ережесін бұзудың 43%-ы (2 294 277) – белгіленген жылдамдықты асырып басқарғандар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерімен кездескен ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұртәлиевтің мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері 216 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған. Сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 18 мыңнан астам жүргізуші ұсталғаны мәлім болды. Ал 20 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылса, 16 мың адам әкімшілік қамауға алынғаны хабарланды.

Бұдан бөлек, брифингте ІІМ-нің жол жүрісіндегі интеллектуалды бақылау жүйелерін де белсенді дамытып жатқаны айтылды.

«Жолдарда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылды, олар жыл басынан бері 2,7 млн заңбұзушылықты анықтады. Мұндай жүйелерді енгізу жол жүрісіне қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар апаттылық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді», - деді  Жандос Мұртәлиев.

Серіктес жаңалықтары