$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда Toyota автокөліктері қайта құрастырылуы мүмкін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады

Қазақстанда Toyota автокөліктері қайта құрастырылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан автомобиль жасауда Toyota-мен ынтымақтасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LS-ке сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар автоқұрастыру зауытын ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздер жапондық Toyota автоконцернімен өткізіледі.  

"Жоба талқыланудың бастапқы сатысында", - деп түсіндірді министрлікте.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда Toyota авто брендінің өндірісі жүзеге асырылған болатын. 2014 жылдың көктемінде "СарыарқаАвтоПром" өндірістік базасында Toyota Fortuner жол талғамайтын көлігі шығарыла бастады, ал 2016 жылдың желтоқсанында осы брендтің соңғы көлігі конвейерден шықты.  

Осы жылдың қыркүйегінде Toyota ресейлік зауыттың жабылатынын және қыркүйек айының соңында қызметкерлердің жұмыстан шығарылатынын жариялады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев зауытты Қазақстанға орналастыру мүмкіндіктері туралы айтып берген еді.  

Серіктес жаңалықтары