16.10.2022, 11:22
Жаңалықтар
Астанада мопед жеңіл көлікпен соқтығысып, курьер жігіт көз жұмды
Оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Астанада мопедтің жеңіл көлікпен соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Курьер Фариза Оңғарсынова көшесінде кептелісте тұрған көліктерді айналып өтпек болып, ортаны бөліп тұратын жолақпен жүрген, алайда тізгінге ие бола алмай қалған.
Мопед жолдың қарсы бетіне құлаған. Онда келе жатқан Mazda CX-7 жүргізушісі күрт тежегішті басқан. Мопед жүргізушісі құлаған кезде ауыр жарақаттар алған.
1998 жылы туған курьер жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр