16.10.2022, 10:54
Жаңалықтар
Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр
lada.kz
Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды. Қайғылы жағдай, теміржол өткелінде орын алды. Бұл туралы Lada.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көліктегі полиция қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЗД-14-РЗД-15» теміржол өткелінде, сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы қаза болды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 бабы бойынша (Еңбек қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр.
Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 13:03
Әке-шешесінің үш қолы бар: Петропавлдағы «біртүрлі» баннер суретшінің ерекше идеясы болып шықты
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
