Алматыда белгілі заңгерді өлтірген күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңгер Айман Асанова кісі қолынан қаза тапқан болатын

фото: ru.freepik.com

Алматыда белгілі заңгерді өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасуда.

Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.