Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Тек батыс өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батыс аймақтарында Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайтындықтан, жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.

Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Күндіз жел секундына 5-10 метрден соғады. Күндіз +17+19, түнде +4+6 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 2-7 метр жетеді. Күндіз +20+22, түнде +7+9 градус болады.

Шымкентте де ауа райы аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Күндіз +25+27, түнде +7+9 градус болады.