$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды

Көз жұмған екіқабат әйелдердің бірі – 33, ал екіншісі – 34 жаста

Атырауда бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды
фото: vzglyad.az

Атырау облысында бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, екеуі де Мақат ауданының тұрғындары болған.

Жүктіліктің 17-аптасында болған 33 жастағы келіншек облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен. Басқарма басшысы ауруханада жағдайы нашарлаған соң жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын айтты. Алайда науқас 12 қазан күні қайтыс болды.

Дәл сол күні Мақат ауданында 34 жастағы тағы бір әйел көз жұмды. Ауруханаға түскен сәтте жағдайы ауыр болғандықтан, бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірақ көрсетілген емге қарамастан, науқас көз жұмды.

Қазір осы фактілерге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқарма басшысының мәліметіне қарағанда, былтыр Атырау облысында 21 жүкті әйел көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары