Валюта бағамы: 14 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
АҚШ долларының бағасы 480 теңгеге жуықтады

Қазақстанның Ұлттық банкі 14 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы тағы көтеріліп, 479,32 теңге болды.
Айта кетейік, 13 қазанда америкалық валютаның ресми бағамы 477,89 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы аздап көтеріліп, 7,57 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 478 теңгеден сатып алынып, 482 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 475 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 479,32 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 466,14 (еуро)
RUB / KZT – 7,57 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,79 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 66,69 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,81 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,33 (өзбек сомы).