Дамаскта жарылыс болып, 18 әскери қызметкер қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy
фото: www.aa.com.tr

Сирия астанасы Дамаск қаласында әскери қызметкелер жарылыстан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Башар Асад режимінің әскерилері мінген автобус жүріп бара жатқанда жарылғыш зат іске қосылып, қатты жарылыс болған. Соның салдарынан 18 адам қаза тауып, 27-сі жарақат алды.

SANA агенттігінің мәліметінше жарылыс Сирия астанасында таңертеңгі уақытта болған.

Тегтер: