Қазақстан Әзербайжанға тоңазытқыш вагондар жеткізетін болады

Azattyq Rýhy

СҚО-дағы зауыт қазір сыйымдылығы жоғары жаңа термос-вагондар жасауда

Қазақстан Әзербайжанға тоңазытқыш вагондар жеткізетін болады
фото: www.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Әзербайжанға 50 тоңазытқыш вагон жеткізетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2019 жылдың соңында «Cool Infinity» біздің өңірде термос-вагондарды шығаруды бастады. Бүгін біз кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарларын талқыладық. 2020 жылы 62, өткен жылы 140 вагон құрастырылды. Биылғы жылдың соңына дейін 150 вагон шығарылады. Сондай-ақ Әзірбайжанға 50 рефрижераторлы вагон шығаруға контракт алды», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қазір зауытта 128 адам еңбек етеді, жұмысшылардың санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі биылғы жылдың соңына дейін 4,4 млрд теңгені құрайды.

Ақмақ басшысының айтуынша, қазір мұнда сыйымдылығы жоғары жаңа термос-вагондар жасалып жатыр. Тестілеу және сертификаттау биылғы жылдың соңына жоспарланған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.