Дархан Қыдырәлі: Ақпараттық шабуылдар ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалады
Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Интернет желіде арандатушылық бағыттағы ақпараттардың көбейіп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз», - деп жазды Дархан Қыдырәлі facebook-тегі парақшасында.