Ресейлік мигранттарды қазақстандықтардың ұрып-соққаны рас па – ІІМ жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлік «ресейлік мигранттар» туралы видеоға қатысты түсініктеме берді

«Жесть дня» Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соққан видеосы жарияланды. ҚР ІІМ аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары және жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған деп көрсетілген.

Ведомствоның хабарлауынша, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ», – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.