12.10.2022, 22:31
Жаңалықтар
ШҚО-да 1300 га аумаққа жайылған өрт сөндірілді
Өрт сөндіруге «МИ-8» екі тікұшағы жұмылдырылды
фото: www.gov.kz
ШҚО-да Күршім ауданында 1300 га аумаққа жайылған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
8 қазанда Күршім ауданының «Пугачев орманшылығы» аумағында және ауылдық округ жерлерінде басталған 1300 га алдын ала алаңдағы өрт бүгін 13:45-те ауыздықталды.
«Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер, ЖАО, орманшылардан құралған барлығы 260-тан астам адам және 30-ға жуық техника бірлігі және ШҚО әкімдігінің «МИ-8» екі тікұшағы жұмылдырылды», - деп көрсетті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша жетуі қиын таулы аймақ пен жел өтті сөндіруді қиындатқан. Десанттарды жеткізу үшін тікұшақтар тартылды. Барлығы 14 рет көлемі 35 тонна су төгілді, десант күштерімен сөндіру үшін 8 тонна су жеткізілді.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды