$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишань Астанаға келді

12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді

ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишань Астанаға келді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.

Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#саммит #ҚХР